ДДСҰ Қазақстандағы КВИ мен КВИ тәріздес пневмония статистикасын біріктіріп, жариялады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қазақстандағы КВИ белгілері бар пневмонияны Covid-19 деп танып, өз сайтында бұл екі жағдайдың статистикасын біріктіріп жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазір ДДСҰ сайтында зертханалық жағдайда расталған Covid-19 бен ПТР сынамасының нәтижесі теріс шыққандықтан пневмония деп тіркелген науқастардың саны біріктірілген.
Қазіргі уақытта соңғы 24 сағаттағы мәліметтер жаңартылған кестеге енгізілмепті. Сондықтан ұйымның веб-сайтында Қазақстанда КВИ жұқтырушылардың жалпы саны 105,5 мың деп көрсетіп. хабар таратқан.
Ведомствоаралық комиссияның мәліметі бойынша, Қазақстанда 2020 жылғы 7 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тағы 907 адам КВИ жұқтырған және COVID тәрізді пневмониямен ауыратын 1 102 науқас анықталған.
Сонда соңғы мәлімет бойынша, екі статистика қосылғандағы жалпы сан, негізінен, 109 939 жағдайды құрайды.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, бір аптаның ішінде елімізде 316 адам коронавирус ауруынан қайтыс болған.