Лукашенко берісі Бакиевтей қашады, арысы Каддафидей ит өліммен өледі
facebook.com
Ашкөзім-ай, ашкөзім-ай, обал жоқ саған!
Әй, сорың құрығыр құрдас, Александр, "ақ орысым-ай", деген жазбасымен бөлісті желіде Өмірзақ Ақжігіт.
Пост авторы Александр Лукашенконың алдағы тағдырына алаңдаушылық білдірді.
Анаң сені Президент етіп туып па еді? Неге тас кенедей жабысып, креслоңнан айырылмай қалдың? Не болды енді? Берісі Бакиевтей қашқынға айналасың, арысы Муамар Каддафидей ит өліммен өлесің. Халқына Каддафиден артық жақсылық жасаған патша болған жоқ, жалғыз жазығы - шамадан тыс отырып алды. Сен де 25 жыл билесең де тоймадың ба? Әлде, сенің де ұрлықпен жиған дүниең көбейіп кетіп, соны қия алмай жүрсің бе? - деген сауал тастайды ол
Лукашенкоға обал жоқ. Еліне обал.
- Не де болса обалың жоқ. Қазақтан аумайтын аңқау, сабырлы, төзімді, көнбіс халқыңа обал болды, сағаттай сырылдап жұмыс істеп тұрған зауыт, фабрика, совхоз-колхоздарға обал болды. Елің 2-ші Ливияға айналады енді. Ашкөзім-ай, ашкөзім-ай, обал жоқ саған! Еліңе обал, - дейді пост авторы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript