Жаңалықтар тізбегі
0

"7-20-25" бағдарламасын жасағандардың ұяты туа сала өліп қалған

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2021 18:09 facebook.com
Ай, сүкілер ай!

Жаңа ғана банктерге барып келдім, дейді желіде Асхат Қасенғали.

Бірінші ЖССБ-ға барып, қандай бағдарламалар барын білдім. Банктегі халықтың жартысы мен сияқты кеңес алуға, ал жартысы есепшоттарынан салымдарының бір бөлігін шешіп алуға тұр екен. "Ее, елдің жағдайы нашарлап кетіпті" дедім ішімнен.

Артынша ЖССБ-ның тура жанында болған соң "Халық банкке" кіре салдым. "7-20-25" бағдарламасы жайлы егжей-тегжей есептеп беруін, талаптарын, тағы басқаны сұрадым. Қысқасы былай. Алматы қаласы бойынша ең үлкен сумма 25 млн теңге, соның 20% өзің құясың, яғни ол 5 млн болады. Сонда банк саған 20 млн береді. Егер сен сол 20 млн-ды 25 жыл төлесең, ай сайын 141356 теңге құясың. Былай қарасаң айтарлықтай көп емес. Сонда 25 жылда 20 млн-ды 42406800 теңге етіп қайтарасың. 42 млн, Карл! Демек үстіне 22,4 млн қосып бересің. Үстіне бір үй қосасың деген сөз ғой!

Биік мінберде отырып, "ойбай біз мынандай бағдарлама жасадық", "ойбай жастарға бүйттік-сөйттік" деп сайрап отырады. Арасында "жастар неге кетіп жатыр" деп қоятындары да бар. Кетпегенде қайтеді, не үйі, не күйі болмаса. Әлеуметтік мәселелер шешілмесе, кетушілер саны арта береді. Және ол өте дұрыс. Құр патриотизмге қарын тойдырып, бала-шаға баға алмайсың.

P.S: Осыны оқып отырған депутаттар, атқамінерлер болса "неге сонша пайызы көп" деп сұрай салыңдаршы, қиын болмаса. Менеджер берген парақшада "Тұтынушылық кредиті-әркімнің қолы жетеді" деген жазу бар. Лібә, жетуін жетеді, бірақ неге бір үйді екеу етіп қайтару керек? Жылдар бойғы инфляцияны, пайызды бәрін есепке алсақ та, мынау сұмдық қой. Бағдарламаны жасағандардың ұяты туа сала өліп қалған-ау. Халықты сүлікше сора беру керек деген-ау.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: