Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы метросында тағы екі жаңа стансаның құрылысы басталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2020 22:50 zakon.kz
Жаңа стансалардың іске қосылу қаржыландыру жайына тәуелді.

Алматы қалалық мобильдік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан Алматы метросының тағы екі жаңа станциясының іске қосылу мерзімдерін атады, сонымен бірге тағы екі жаңа станцияның құрылысы басталатынын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазір метроның бірінші линиясындағы екінші кезегінің 2-ші қосылу кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр, оған "Сарыарқа" мен"Достық" станциялары және ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын Абай даңғылының бойымен Алтынсарин даңғылынан батысқа қарай Момышұлы көшесіне қарай кететін метро линиясы кіреді.

- Мұнда 442 қызметкер және 66 техника жұмыс істеп жатыр. Құрылыстың аяқталуы 2021 жылдың соңына жоспарланған, қазір жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде, қаржыландыру толық көлемде жүргізілуде, - деді Ернұр Әбжахан.

Сонымен қатар, биыл Алматыда Абай даңғылынан 2,4 шақырым ұзақтыққа тартылған "Достық" және "Қалқаман" станциясын іске қосатын 3-ші қосылу-жөндеу кешенінің құрылысы басталды. Ол Абай Яссауи көшелері қилысынан басталып Әшімов көшесіне, одан солтүстік бағытта Қалқаман ықшам ауданына дейін созылып жатыр..

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: