Жаңалықтар тізбегі
0

Беларусь халқының қарсылығы үшінші күн жалғасып жатыр

Reuters, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2020 15:46 Reuters
11 тамызда наразылық білдірушілер саны 10 тамызға қарағанда аз болды

Минскіде үшінші күн қатарынан наразылық шаралары өтіп жатыр. Сейсенбі күні күш құрылымдары қарсылық білдіргендерге жарық-дыбыстық қол гранатасы мен көзден жас ағызатын газ, резіңке оқ қолданды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап. Құқық қорғаушылардың хабарлауынша, журналистер соққыға жығылып жатыр.

11 тамызда Минскіде милиция BBC журналистеріне шабуыл жасады. Ұсталғандардың бәріне елдің сыртқы істер министрлігі тарапынан берілген аккредитация болған.

Қара киімдегі ер адамар журналистерден аккредитацияны талап еткен. Олардың бірі тілшінің мойнындағы журналист екенін куәландыратын куәлігін үзіп, қолындағы камераны жұлып алған. Журналистер камераны қайтаруды талап еткенде, милиция қызметкерлері оларды ұра бастаған. Бірақ журналистерді ұстамаған.

11 тамызда наразылық білдірушілер саны 10 тамызға қарағанда аз болды. Қарсылық білдірген жастар топ-топпен бөлініп, милиция қудалауынан қашып жүрді. Түнге қарай қарсылық шарасы Уручье мен Студенттік қалашық аудандарында жалғасты.

Минскіде "Настоящее время" хабарының эфирінде акцияға қатысушылардың бірі қалада интернет жоқ екенін, басқа аймақта не болып жатқанынан хабарсыз екенін жеткізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: