Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейдің вакцинасы күмәнді – АҚШ-тың бас инфекционисі

shutterstock, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2020 16:20 shutterstock
Энтони Фаучидің сөзінше, "вакцинаны әзірлеу бір бөлек, ал оның қауіпсіздігі мен тиімділігін растау – бір бөлек мәселе".

АҚШ-тың аллергиялық және жұқпалы аурулар жөніндегі ұлттық институтының директоры Энтони Фаучи Ресей Денсаулық сақтау министрлігі тіркеген коронавирусқа қарсы әлемдегі тұңғыш вакцина қауіпсіз және тиімді болып шықса екен, деп үміттенеді, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

АҚШ-тың бас инфекционисі бұл пікірін National Geographic телеарнасы ұйымдастырған сарапшылар пікірсайысы кезінде айтты.

"Ресейліктер бұл вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін растаған болар, деп үміттенемін. Алайда мен олардың мұны шын жасағанына үлкен күмән келтіремін", - деді Фаучи.

Вакцинаны әзірлеу бір бөлек, ал оның қауіпсіздігі мен тиімділігін растау – бір бөлек мәселе. Біз қазір кемінде алты вакцина жасаумен айналысып жатырмыз. Келесі аптада-ақ тәуекелге барып, жете тексерілмеген вакцинаны халыққа біз де ұсына аламыз. Бірақ олай етуге болмайды, - деген Фаучи АҚШ-та қабылданған сертификатау процедурасы туралы айтып отырғанын меңзеді.

Шілде айының соңында Энтони Фаучи АҚШ Конгресі өкілдерінің палатасында сөйлеген сөзінде АҚШ-тың коронавирусқа қарсы вакцинациялауда өзге елдерге тәуелді болмайтынын мәлімдеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: