Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облыстық білім беру басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2020 20:48 Баспасөз қызметі
Сатқан Есенғалиев бұл құрылымды алдында 2011-2013 жылдары да басқарған.

Атырау облысы білім беру басқармасының басшылығына Сатқан Есенғалиев қайтып оралды. Оны жергілікті активке облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, Сатқан Есенғалиев бұл құрылымды алдында 2011-2013 жылдары да басқарған.

Есенғалиев 1988 жылы Гурьев педагогикалық институтын "Тарих, қоғамтану пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. Әрі қарай тарих ғылымдарының кандидаттығын қорғаған. Еңбек жолын Махамбет аудандық мәдениет бөлімінде бастаған. Әр жылдары Махамбет ауданының Жалғансай орта мектебінде, №1 облыстық мектеп-интернатында мұғалім, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде дүние жүзі тарихы кафедрасының оқытушысы және проректоры болып қызмет атқарған.

2008-2009 жылдары - Кеңөзек селолық округінің әкімі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыстық басқармасында бөлім бастығы;

2009-2011 жылдары – облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы;

2011-2013 жылдары – облыстық білім беру басқармасының басшысы;

2014-2017 жылдары – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы, Атырау облысы білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2017 жылдан бастап осы тағайындауға дейін білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымын атқарған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: