Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы басталды

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2020 21:58 inbusiness.kz
Айта кетейік, жыл басынан бері акция аясында 4203 мұқтаж оқушыларға 42 миллион теңгеден астам сомада көмек көрсетілген.

Мұқтаж ата-аналар өтініштерін арнайы платформада қалдыра алады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордада оқу жылы қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы басталды. "Менің Атамекенім" порталында "Мектепке жол" atamekenim.kz платформасы бар, онда мұқтаж ата-аналар өтініш қалдыра алады.

"Бұл платформа мұқтаж адамдар мен қайырымдылық жасаушылар арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта порталда Нұр-Сұлтаннан 3229 өтініш тіркелген. Кезек бойынша меценаттар мен кәсіпкерлер отбасыларға көмек көрсетеді", - деп атап өтті білім басқармасында.

Тізімдегі алғашқы он отбасыға 15 тамызда планшеттер ұсынылады.

Айта кетейік, жыл басынан бері акция аясында 4203 мұқтаж оқушыларға 42 миллион теңгеден астам сомада көмек көрсетілген.

Акцияға қатысуға ниеттілер кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөліміне мына телефондар арқылы хабарласа алады: 8 701 187 68 68, 8 778 381 68 39.

Айта кетейік, аз қамтылған отбасыларға көмек тұрақты негізде көрсетіледі. Жыл басынан бері балаларға смартфондар, ноутбуктер, киім-кешек, кітаптар, үстел ойындары сатып алынып, қаржылай көмек көрсетілді.

6 мамырда "Ситибанк" АҚ бастамасымен, БҰҰ Қорымен (ЮНИСЕФ) серіктестікте алты және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан ерекше қажеттіліктері бар балаларға, ауыр сырқаттары бар балаларға көмек көрсетілді. Жалпы, Нұр-Сұлтанда 40 балаға ноутбуктер таратылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: