Жаңалықтар тізбегі
0

"Бәйтерек" холдингі Қазақстандағы бизнесті қолдау көлемін арттыруда

-, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2020 00:55 -
Өңірлер арасында 190 млрд теңгенің 1 304 жобасымен Павлодар облысы көш бастап келеді. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы – 1 261 жоба, несиенің жалпы сомасы 179 млрд теңге. Ақтөбе облысында 154 млрд теңгелік несиемен 1 212 жоба қолдауға ие болды.

Шағын және орта бизнеске ең қажетті қолдау түрінің бірі – сыйақы ставкаларын субсидиялау. 2020 жылдың 1 тамызындағы жағдайға сәйкес, "Даму" қоры бағдарламаның үш бағыты бойынша 2010 жылдан бері кредит сомасы 2,8 трлн теңге 16 311 жобаға субсидия ұсынды. "Бәйтерек" холдингі жыл сайын бизнесті қолдау көлемін арттырып келеді, деді ОКҚ-дегі брифингте "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы Холдингі" АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

"Біз қаржыландыруды ауыл мен қаладағы кәсіпкерлер үшін қол жетімді еткіміз келеді. Кәсіпкерлердің бизнес көзін ашып қана қоймай, өз бизнесін одан әрі дамытуына мүмкіндік беру қажет. Біз өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін арттыру мақсатын көздедік. Шағын және орта кәсіпкерлікте бәсекеге қабілетті бола алатын жаңа өндіріс ошақтарының ашылуы мен халықтың шағын және орта кәсіпкерлікте еңбекпен қамтылғанын қалаймыз", – деді Қарағойшин.

Оның сөзінше, шағын және орта бизнеске ең қажетті қолдау түрінің бірі – сыйақы ставкаларын субсидиялау. Мәселен, 2020 жылдың 1 тамызындағы жағдайға сәйкес, "Даму" қоры мемлекеттік бағдарламаның үш бағыты бойынша 2010 жылдан бері кредит сомасы 2,8 трлн теңге 16 311 жобаға субсидия ұсынған.

Бұған дейін, нақтырақ айтқанда 2018 жылы жалпы саны 1 432 жобаның сомасы 173 млрд теңгені құраған несиесіне қолдау көрсетілді.

Осылай салыстыру арқылы мен бизнесті қолдау көлемдерінің жыл сайын артып отырғанын атап өткім келеді, сондықтан биылғы жылға жоспарлаған белгілі бір параметрлерімізге биыл да қол жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Холдинг басшысының орынбасары.

Ол қазір субсидияланып жатқан жобаларды салалық құрылымы бойынша қарастырсақ, мұнда өңдеу өнеркәсібіне жататын жобалардың басым екенін нақтылады.

Бұл шамамен 4 444 жоба. Несиенің жалпы сомасы 1,2 трлн теңге. Көлік пен қоймалау саласында – 3 629 жоба, жалпы сомасы 413 млрд теңге. Көтерме сауда саласында 286 млрд теңгенің 2 293 жобасы, ауыл шаруашылығында – 144 млрд теңгенің 1 220 жобасына қолдау көрсетілуде, – деген мәлімет берілді брифингте.

Өңірлер арасында 190 млрд теңгенің 1 304 жобасымен Павлодар облысы көш бастап келеді. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы – 1 261 жоба, несиенің жалпы сомасы 179 млрд теңге. Ақтөбе облысында 154 млрд теңгелік несиемен 1 212 жоба қолдауға ие болды.

Сонымен қатар, Рустам Қарағойшин шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың тағы бір шын пайдалы шарасына – кәсіпкер өз бизнесін ашуға немесе кеңейтуге несие алғанда банк алдындағы кепілдік жетіспеген жағдайда "Даму" қоры ұсынатын кепілдікті қосты.

2020 жылғы 1 тамыздағы жағдайға сәйкес, 7 518 жобаның 306 млрд теңге сомасындағы несиесіне кепілдік берілген.

Қаржыландырылған жобаларды салаларға жіктегенде, мұнда да ең үлкен үлес өңдеу өнеркәсібі саласында, 103 млрд теңгенің 2 206 жобасы бар. Сауда-саттық саласында 32 млрд теңгеге 1 309 жоба бар. Өңірлер арасында Ақтөбе облысы көш бастап тұр – 582 жоба, жалпы несие сомасы 20 млрд теңге және Павлодар облысы – несие сомасы 21 млрд теңгеге жететін 535 жоба, – деп қорытындылады Қарағойшин.

Айша Төлеубекова, Нұр-Султан

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: