Жаңалықтар тізбегі
0

Дариға Назарбаева баласының қазасына қатысты мәлімдеме жасады

ТАСС ТАСС
Басқа түскен осындай қиын күнде көпшілік бізге түсіністікпен қарап, құрмет тантытады деп сенеміз - Дариға Назарбаева.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қызы және ҚР Парламенті Сенатының экс-төрағасы Дариға Назарбаева көпшіліктен өз отбасының қайғысына түсінікпен қарауды сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Менің отбасым сүйікті балам - Айсұлтанның қайтыс болуына байланысты қайғы жұтып, қара жамылып отыр. Қымбаттымыздан айрылып, орны толмас шығынға ұшырап, басқа түскен осындай қиын күнде көпшілік бізге түсіністікпен қарап, құрмет танытады деп сенеміз", - деді Дариға Назарбаева.

16 тамыз күні Айсұлтан Назарбаев Лондонда қайтыс болды,

Алдын ала дерек бойынша, оның жүрегі ұстап қалған. Басқа мәліметтер айтылмайды.

10 күннен кейін Айсұлтан Рахатұлы 30 жасқа толар еді.

Zakon.kz редакциясы ұжымы марқұмның отбасына шын жүректен қайғырып көңіл айтады.

Айсұлтан Назарбаев - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі.

Ол 1990 жылы 26 тамызда Қазақстан Президентінің үлкен қызы - Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің отбасында дүниеге келді.

Ол Астанадағы "Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінде", сондай-ақ Австрияның "American International School" мектеп-пансионында оқыды. 2010 жылы Сандхерсттегі британдық корольдік әскери академиясын бітірген. 2012 жылы ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасында жұмыс істеді, онда бір жыл қызмет етті.

Ол Австрияда әкесі елші болып жүргенде "Адмира Ваккер" клубында футболмен айналыса бастады. 2006 жылы ол Қазақстанның бірінші лигасына қатысып, астаналық "Рахат" клубы құрамында екі матч өткізді, 2007 жылы Алма-Ата "Железнодорожник" ФК құрамында болды. 2006 жылы футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысты. Біраз уақыт Британияның "Портсмут" құрамында өнер көрсетуге тырысты.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-08/thumbs/1597630431_2020081616374418807_2020081615550373972_.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз