Өткен тәулікте КВИ жұқтырудың 337 жаңа жағдайы тіркелді
2020 жылдың 16 тамызындағы еліміз бойынша коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайдың мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Коронавирус инфекциясын жұқтырудың 337 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
- симптомы білінетіндер - 165,
- симптомы жоқтар - 172.
Республикамыз бойынша КВИ жұқтырудың жалпы 103 033 жағдайы расталды, оның ішінде:
Алматы қаласында - 13 877 (+51), Нұр-Сұлтан қаласында -13 578 (+34), Атырау облысында - 10 717 (+10), Қарағанды облысында - 9 788 (+37), Шығыс Қазақстан облысында - 7 803 (+36), БҚО-да - 6 561 (+24), Шымкент қаласында - 5 150 (+4), Алматы облысында - 4 823 (+5), Жамбыл облысында - 3 999 (+10), Солтүстік Қазақстан облысында - 3 750 (+25), Павлодар облысында - 3 685 (+22), Маңғыстау облысында - 3 263 (+14), Қостанай облысында - 3 260 (+19), Ақмола облысында - 3 236 (+24), Қызылорда облысында -3 212 (+0), Ақтөбе облысында - 3 167 (+2), Түркістан облысында - 3 164 (+20).