Өмірзақ Шөкеев мақтааралдықтармен кездесті

баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2020 18:36 баспасөз қызметі
4 мыңдай халық мекен еткен екі елді-мекендегі 500-ден астам баспана толығымен бұзылып, қайта салынып жатыр.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы құрылыс сапасын қатаң бақылай отырып, кезекті рет атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өңір басшысы Өргебас, Фирдауси ауылдарын қалпына келтіру жұмыстарының барысын бақылап, тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Мақтаарал ауданындағы жағдай алғашқы күннен мемлекет назарында екені мәлім. Су тасқыны салдарын жойып, ауданның күнделікті тіршілігін қайта қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданып, қираған үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер салынуда.

4 мыңдай халық мекен еткен екі елді-мекендегі 500-ден астам баспана толығымен бұзылып, қайта салынып жатыр. Су басудың салдарынан зардап шеккен әр үйдің құрылысына мемлекеттен 17 млн теңге бөлінген. Тұрғындар оны 4 бөліп алуда. Құрылысы жүріп жатқан үйлердің қабырғалары қаланып, шатыры жабылып жатыр.

Екі ауылға 2 мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылған. Әлеуметтік нысандар жөнделіп, инфақұрылым қалпына келтірілуде. Асфальт төсеу жұмыстары елді-мекендегі тұрғын үйлердің құрылысынан кейін жүргізілмек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: