Жамбыл аудандық сотының судьясы қайтыс болды
Жамбыл аудандық соты
Ол 56 жаста еді.
Жамбыл облысында судья Абай Дәуренбеков қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы Жамбыл аудандық сотындағылар хабарлады.
Өз саласының кәсіби шебері, ақ жүректі, жаны таза адам - Абай Әбдіқапарұлы Дәуренбеков 57 жасына қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлады соттағылар.
Дәуренбеков Абай Әбдікапарұлы 1964 жылы 10 ақпанда Жамбыл облысы Свердлов ауданында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды жоғары мектебін бітіріп, 2003 жылы сот саласында қызметін бастады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript