Жаңалықтар тізбегі
0

Лукашенко қарулы күштер өкілдерін медальмен марапаттады

regnum.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2020 20:25 regnum.ru
300-ден астам адам марапатталды.

Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобын үш дәрежедегі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапаттады, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Лукашенконың 13 тамызда қол қойған жарлығымен 300-ден астам адам марапатталды. "Мінсіз қызметі үшін" дәрежесімен марапатталғандардың ішінде БР ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының орынбасары Хазалбек Атабеков те бар.

Беларусь еліндегі президент сайлауы 9 тамызда өтті. ОСК қорытынды мәліметтеріне сәйкес, Лукашенко 80,10% дауыспен жеңді. Ал оның басты қарсыласы - Светлана Тихановская ІІ-орында 10,12 пайызбен тұр, ол сайлау нәтижелерін мойындамады. Дауыс берудің алғашқы нәтижелері шыққаннан кейін бірден Беларусь елінде наразылық акциялары басталды, ақыры тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Митингілер бір апта бойы жалғасуда, БР ІІМ мәліметінше, бірнеше мың адам қамауға алынды, ондаған полиция қызметкері мен демонстранттар жарақат алды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: