Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде телеарналардың өшірілуін 5G-ді енгізумен байланыстырған сыбыс тарауда

regnum.ru regnum.ru
Құзырлы орган жұрттан оған бола үрейленіп, қорықпауларын және ресми деректерге сенулерін сұрады.

Бүгін - 19 тамызда Қазақстанда телеарналар мен радио сағат 03: 00-ден 17: 00-ге дейін жұмыс істемейді. "Қазтелерадио" мұның жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты екенін хабарлады. Алайда, мұны 5G байланыс желісін іске қосып жатқанымен байланыстырған түрлі сыбыс тарауда. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі желідегі мұндай хабарлама фактісін жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Аудио хабарламада бір әйел 19 тамызда Қазақстандағы теледидар мен радиолардың хабар таратуын уақытша доғаруы 5G байланыс желісін іске қосып жатқандығымен байланысты екенін айтады. Ол бұл қорқынышты нәрсе екенін, оның балалар үшін қауіпті болуы мүмкін екенін де қоса кетеді. Хабардың авторы жұртты 25 тамызға дейін Wi-Fi, теледидарды өшіріп, ұялы телефоннан да бойын аулақ ұстауға шақырады.

- Құрметті абоненттер, қазіргі уақытта түрлі мессенджерлер арқылы спутниктік және жер телерадио хабарлар тарату желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатуымен байланыстырылған "фейк" ақпарат тарауда. Оған бола үрейленіп, қорықпауларыңызды және ресми деректерге сенулеріңізді сұраймыз. "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын спутниктік және тораптық желілердегі техникалық құралдары сервисінің жабылуына байланысты жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл теледидар мен радио хабарларын тарату жұмысының сапасын қамтамасыз ету үшін қажет, себебі тоқсан сайынғы жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде қызметті ұзақ уақытқа өшіруге мүмкіндік береді, осы кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік аламыз. Уақытша қолайсыздық үшін көпшіліктен кешірім сұраймыз, - деді ҚР АҚДМ телеграм-арнасында жарияланған хабарламада. Дерек көзі Otautv болып табылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: