Үш рет барып, кіре алмаған Rixos Ақтауды санитарлық дәрігерлер ақыры тексеруге мүмкіндік алды
Санитарлық қызмет мамандары, әкімдік және БАҚ өкілдерінен тұратын мобильді бақылау тобы Rixos Ақтау курорттық аймағының аумағында санитарлық нормалардың сақталуы бойынша жоспарлы тексеру жүргізуді, деп хабарлайды zakon.kz.
- Қонақ үй аумағындағы тамақтану орындары, бассейндер мен айналадағы аумақ жіті тексерілді. Rixos Aktau компаниясының қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шипажай қызметкерлері санитарлық нормаларды сақтау үшін бар күштерін салуда екенін айтты, деп хабарлады Маңғыстау облыстық Өңірлік коммуникация қызметі.
Қонақ үй менеджері Серік Исағалиевтің айтуынша, санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау қонақтар әуежайдан түсе салысымен, сол арадағы қонақүйдің "қабылдау бөлімінен-ақ" басталады. Мамандар келген қонақтардың температурасын арнайы құрылғымен өлшейді, содан кейін оларды қонақ үй көлігімен қонақүйге жеткізеді. Қонақ үйге кіре берісте қонақтардың дене қызуы қайтадан тексеріледі. Содан кейін жүк сөмкелері дезинфекцияланады. Бөлмелерге келетін болсақ, онда да үнемі дезинфекция жүргізіледі. Барлық стандарттар мейрамханалар мен барларда қатаң сақталады. Біздің қонақүйде санитарлық дәрігер бар. Егер қонақта аурудың қандай да бір белгілер пайда болса, жедел жәрдем көлігін шақырамыз.
- Әкімдік, санитарлық қызмет, полиция қызметкерлері және баспасөз өкілдерінен тұратын мобильді топ Rixos қонақ үйінде карантин және дезинфекция режимінің сақталуын тексеру үшін рейд жүргізді. Қонақ үй басшылығына санитарлық талаптардың сақталуы, сонымен қатар эпидемилогиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудағы субъектінің құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірілді, - деді Ақтау қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы Әсима Жарылғасова.
Бұған дейін санитарлық дәрігерлер үш рет қонақүйді тексеруге барып, ішіне кіре алмай сыртынан қайтқаны хабарланған болатын.