Қауіпсіздік кеңесінде өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті

picgalleria.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2020 22:26 picgalleria.com
Кеңестің қорытындысы бойынша құзырлы органдарға нақты тапсырмалар берілді

Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Кеңес қорытындысы бойынша қауіпті химиялық заттардың, жанғыш және жарылыс қаупі бар материалдардың айналымдарына тартылған, қауіптілігі жоғары объектілерде, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді", делінген Ақорданың сайтында.

Адамдар жаппай жиналатын орындарда, газ-техникалық жұмыстар өндірісінде, сондай-ақ медициналық мекемелерде оттегімен жарақтандыруды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қатамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуге аса назар аударылуы тиіс екені айтылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: