Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 230 жағдайы анықталды
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 230 жағдайы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
2020 жылдың 22 тамызындағы коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайдың мәліметтері жарияланды.
Коронавирус инфекциясын жұқтырудың 230 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
- симптомы барлар - 125,
- симптомы білінбейтіндер - 105.
Республикамызда КВИ бойынша жалпы саны 104 543 жағдай расталды, оның ішінде:
Алматы қаласында - 14072 (+38), Нұр-Сұлтан қаласында -13730 (+20), Атырау облысында - 10818 (+15), Қарағанды облысында - 9938 (+20), Шығыс Қазақстан облысында - 7979 (+28), БҚО-да - 6677 (+15), Шымкент қаласында - 5164 (+4), Алматы облысында - 4868 (+4), Жамбыл облысында - 4051 (+8), Солтүстік Қазақстан облысында - 3849 (+13), Павлодар облысында - 3764 (+14), Қостанай облысында - 3336 (+11), Ақмола облысында - 3317 (+13), Маңғыстау облысында - 3315 (+10), Түркістан облысында - 3245 (+10), Қызылорда облысында -3226 (+2), Ақтөбе облысында - 3194 (+5).