Мәжіліс депутаттары өңірдегі кездесулерде ШОБ-ты қолдау мәселелерін талқылауда
Үш парламенттік фракция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжіліс депутаттары аймақтарда тұрғындармен кездесулерін жалғастыруда. Кездесулердің басты мақсаты – Мемлекет Басшысының әлеуметтік бастамаларын, сондай-ақ, коронавирус індеті кезіндегі халықтың күнделікті өмір сүру жағдайы туралы болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Берік Оспанов Шымкент қаласында кәсіпкерлермен кездесіп, шағын және орта бизнесті қолдау мәселесін талқылады.
Сонымен қатар, Берік Оспанов "Taссай" индустриалды аймағына және "Оңтүстік" еркін экономикалық аймағына барған кезде мұндай кездесулердің қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін ел басшылығы қойған міндеттерді шешудің маңыздылығын атап өтті.
Депутат Берік Оспановтың айтуынша, бизнеске жеңілдетілген несие беру тәжірибесін, шетелден әкелінетін кейбір материалдарға бажды төмендету, сондай-ақ, кәсіпорындарды өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән беру керек.
Депутат кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың негізгі бағыттары бойынша сұрақтарына жауап беріп, заң жобалары туралы және алдағы партияішілік сайлау туралы, яғни праймериз туралы айтты.