Жаңалықтар тізбегі
0

Екі сенатор Шымкентке барып, жылдам интернетті талап етті

Сенаттың баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2020 00:25 Сенаттың баспасөз қызметі
Бұған дейін мектеп екі 4G-модем құрылғысымен жұмыс жасап келген, бірақ мұғалімдердің айтуы бойынша олардың жылдамдығы төмен.

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласы Көкбұлақ кенті тұрғындарының сапасыз байланыс пен интернеттің жоқтығына қатысты шағымдарын тыңдады, деп хабарлайды zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар жергілікті билік пен байланыс операторына жүгініп, мәселені тез арада шешуді сұрады. Белгілі болғандай, ауданда қажетті құрылғы орнатылған, тек сигнал қажет болып тұр. Әкімдік мәселенің жуық арада шешілетінін айтты. Себебі жаңа оқу жылы басталғалы тұр және Көкбұлақ мектебінде білім алатын 452 оқушының қашықтан оқуы үшін интернеттің қолжетімді болуы шарт.

Бұған дейін мектеп екі 4G-модем құрылғысымен жұмыс жасап келген, бірақ мұғалімдердің айтуы бойынша олардың жылдамдығы төмен. Қазіргі таңда байланыс операторы интернет сапасын арттыру мақсатында WI-MAX оптикалық желісін қосу жұмыстарын атқаруда. Cенат депутаттары аталған жұмыстардың орындалуын бақылауда ұстайтындарын айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: