Жаңалықтар тізбегі
0

Елде сенатор Еңсегенов деген бар екен. Ол Премьер-Министрмен кездесті

Сенаттың баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2020 03:25 Сенаттың баспасөз қызметі
Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов.

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесіп, елдегі балық өнеркәсібін дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Уақытында сенатор балық шаруашылығын дамыту жөніндегі салалық ведомство құру және осы саланы қолдау бойынша Үкімет мүшелерінің қатысуымен бірқатар отырыстар өткізу туралы бастама көтергендердің бірі болды. Сол кезеңде өзен арналарын тереңдету және балық арналарын тазарту мәселелері де талқыланды.

Сенатор Жайық және Қиғаш өзендеріндегі су көлемін арттыру, шекаралас аумақтағы Балқұдық-Қарабалы өткізу пунктінің мәртебесін белгілеу, сондай-ақ депутаттың өңірлік сапарлары кезінде азаматтар көтерген бірқатар басқа да мәселелерді сөз етті.

Министрлер кабинетінің басшысы Қазақстанда балық шаруашылығы комитетін құру мәселесі пысықталып жатқанын жеткізді, сондай-ақ сенатор айтқан мәселелерді шешу бойынша Үкімет қолға алған жұмыстар туралы айтып берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: