Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк Үкіметтен Ұлттық қордағы ақшаны үндемдеу үшін шаралар қабылдауды сұрады

kazgazeta.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2020 17:08 kazgazeta.kz
Жылдың аяғында Ұлттық қорда 27,3 трлн теңге қалады деп болжанады.

2023 жылдың соңына қарай Ұлттық қордың қаражаты ЖІӨ-нің 30,8% құрайды, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев, деп хабарлайды zakon.kz.

Республикалық бюджет жобасында мемлекеттік бюджет тапшылығы мен Ұлттық қордан бөлінетін трансферт көлемінің едәуір артуы қарастырылған.

- Нәтижесінде, болжам бойынша, 2023 жылдың соңына қарай Ұлттық қордың қаражаты ең төменгі баланс деңгейіне - ЖІӨ-нің 30,8% құрайды, ал бұған дейін бұл көлем ЖІӨ-нің 30%-нен ешқашан аспаған еді, - деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

2021 жылы контрциклдік бюджет ережесінің енгізілгенін ескере отырып, Ұлттық банк Ұлттық қордың қор жинау функциясын қолдау және мұнай тапшылығын азайту бойынша шаралар қабылдауды сұрайды.

- Ұлттық қордың қаражаты 2020 жылдың аяғында 27,3 трлн теңге, 2021 жылы - 26,6 трлн теңге, 2022 жылы - 26,9 трлн теңге, 2023 жылы - 27,6 трлн теңге көлемінде болады деп болжанады, деп сөзін түйіндеді Ұлттық банк басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: