Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ Мемдепартаменті бөлімінің экс-басшысы қамшымен қоқаңдап, жұмысшыларын қорқытқан

Bloomberg, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2020 23:41 Bloomberg
Оған қамшыны Қазақстаннан барған делегация сыйға тартыпты.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің бұрынғы хаттама бөлімінің бастығы үстінен жұмыс этикасын бұзғаны және қол астындағыларды сыйламайтындығы туралы шағым түскен, деп хабарлайды zakon.kz Washington Post басылымына сілтеме жасап.

Қызметкерлердің шағымы бойынша қызметтік тексеру басталды. Арызда бұрынғы басшы Шон Лоулердің ашуланшақ екені, қолына не түссе, соны лақтыратындығы, сондай-ақ арақ-шарапқа да жақындығы барлығы жазылыпты.

Бірнеше қызметкер оның Қазақстан делегациясы сыйға тартқан қамшыны да қолына алып, ары-бері сілтегенін де айтқан. Оның жалпы мінез-құлқын білетін қызметкерлер таяқ жеп қаламыз ба деп үнемі қорқатын болған, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, шенеуніктің үстінен осы қамшыға байланысты ауызша шағым түскен. Ол Протокол басшысы Кам Хендерсонға жолданған. Бұдан соң ол қамшыны өзінің жұмыс бөлмесіне алдырып, Лоулерге "бұдан былай қамшыны алып жүруіне тыйым салған".

Айта кетсек, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Хаттама бюросы АҚШ Президентіне және басқа да жоғары дәрежелі дипломаттарға мемлекеттік және халықаралық дипломатиялық хаттама бойынша кеңес беру үшін жауап береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: