Nur Otan Саяси кеңесі Бюросы отырысының күнтәртібі жарияланды

КазТАГ, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2020 17:57 КазТАГ
Бюро мүшелері "партияны жаңғыртып, қайта іске қосу" бағдарламасын жүзеге асыру және партияішілік сайлау - праймеризді өткізу мәселелерін талқылайды деп күтіледі.

Бүгін - 28 тамызда "Nur Otan" ХДП Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді. Сондай-ақ, ол отырыста қандай мәселелер талқыланатындығы туралы ақпаратпен де бөлісті.

"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтеді. Бюро мүшелері "партияны жаңғыртып, қайта іске қосу" бағдарламасын жүзеге асыру және партияішілік сайлау - праймеризді өткізу мәселелерін талқылайды деп күтіледі", - деп жазды Үкібай Твиттерде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: