ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары жаңадан тағайындалды

Inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2020 18:18 Inbusiness.kz
Бұл лауазымды қызметке Әшімбекұлы Ардақ келді.

Әшімбекұлы Ардақ Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысының бұйрығымен Әшімбекұлы Ардақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - арнайы жасақ қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Әшімбекұлы Ардақ 1977 жылы туған.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара әскерлерінің әскери институты (1999) - "Бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік қызметін басқару" мамандығы

Қазақ гуманитарлық заң университеті (2014) - "Құқықтану" мамандығы

Еңбек өтілі:

· Қазақстан Республикасының Үланы қатарындағы офицерлік лауазымдардағы қызмет (06.1999-03.2001);

· ҚР Президентінің Күзет қызметіндегі әртүрлі офицерлік лауазымдардағы қызмет (03.2001-05.2013);

· ҚР Президентінің Күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары - Президенттің күзет қызметінің бастығы (2013-04.2014);

· ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Күзет қызметінің бастығы (04.2014-11.2018);

- ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы (14.11.2018-06.2019);

- ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы күзеті қызметінің бастығы (06.2019 жылдан бастап).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: