Елбасы Тұңғыш Президенті қауіпсіздігі қызметінің уақытша басшысын тағайындады
Елбасы ҚР Тұңғыш Президенті қауіпсіздігі қызметінің уақытша бастығын тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен:
Ардақ Әшімбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндетін уақытша атқару Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің басқарма бастығы Батырбек Бердібайұлы Байбосыновқа жүктелді.
Алдында Мемлекет басшысының бұйрығымен бүгін Әшімбекұлы Ардақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - арнайы жасақ қолбасшысы болып тағайындалған еді.