Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында 80 пәтердің кілті табысталды

МО Қоғамдық коммуникация орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2020 23:30 МО Қоғамдық коммуникация орталығы
Мемлекеттік бағдарлама аясында ауданда 3 тұрғын үй бой көтерді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай, Түпқараған ауданында 80 пәтердің кілті табысталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында Форт-Шевченко қаласында сатып алу құқығынсыз жалдамалы 80 пәтердің кілті табысталды. Баспаналы болатын Түпқараған ауданы әкімдігіне 2007-2014 жылдар аралығында тіркеуде тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары. Яғни, аз қамтылған отбасылар, жетім балалар, көп балалы отбасылар, - деді аудан әкімі Айбек Қосуақов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2020 23:30

Мемлекеттік бағдарлама аясында ауданда 3 тұрғын үй бой көтерді. Оның ішінде Форт-Шевченко қаласының іргесіндегі Жаңа кетік шағынауданында 16 пәтерлі бір тұрғын үй және 48 пәтерлі бір тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, тағы 16 пәтерлі бір тұрғын үй Форт-Шевченко қаласында салынды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2020 23:30

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: