Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін Қазақстан халқы Конституция күнін атап өтуде

Алау, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2020 17:54 Алау
Биыл Ата Заңымызға - 25 жыл!

30 тамызда Қазақстан халқы дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтеді. 25 жыл ішінде тәуелсіз ел екендігіміздің айғағы - бұл қасиетті дата мемлекеттік мереке болып саналып, демалыс күні ретінде жарияланған. Биыл Конституция күні жексенбіге түскеніне байланысты қазақстандықтар 29-31 тамыз аралығында үш күн демалады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. 1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып табылады. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға Президенттің өкілеттілігін ұлғайту жөнінде елеулі өзгерістер енгізілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2020 17:54

Сурет: inbusiness.kz

Сол кездегі өзінің атқарған кейбір істерін есіне ала отырып, Н.Ә. Назарбаев "Тәуелсіздік дәуірі" атты кітабында былай дейді:

"1995 жылғы жаңа Конституция туралы мәселе көтерілген сәуір референдумынан соң мен халықпен тікелей ашық әңгімеге кірістім және 1995 жылдың 30 сәуіріндегі Үндеуімде елге не үшін жаңа Конституция керектігі, оның Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін қажеттілігі қандай екені туралы өз көзқарасымды халыққа жете түсіндірдім. Әділет министрі Н.Шәйкеновтің басшылығымен арнаулы жұмыс тобы құрылды. Оның жұмысын тікелей өз бақылауыма алдым. Сарапшылармен бірге кейде күніне 12–14 сағат Конституция баптарымен жұмыс істегеніміз есімде".

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2020 17:54

Сурет: ob-zor.ru

Жаңа Конституция жобасының негізіне адам және азаматтардың бостандықтары мен құқықтарының үстемдігі, берік конституциялық мемлекет құру тұжырымдамалары салынды. Өзінің құрылымы мен заңдық техникасы жағынан еліміздің жаңа Конституциясы белгілі дәрежеде Француз Республикасы, АҚШ, Корей Республикасы, Ресей Федерациясы сияқты, яғни демократиялық өзгерістерді іске асыру мақсатында халық пен мемлекеттің мүдделерінің бірлігіне ең жоғары кепілдік үшін биліктің барлық салаларын үйлестіруді қамтамасыз ететін елдердің дәстүрлі Конституцияларына ұқсас болып шықты.

Президенттік республиканың 1995 жылы құрылған саяси жүйесі 2000 жылдардың екінші жартысына қарай өзінің тарихи міндетін толық көлемде орындап шықты. 1995 жылғы Конституция Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігінің негізін салды. 1998, 1999, 2007, 2017 жылдардың конституциялық реформалары саяси билік институттарын ары қарай жаңғыртуға, билік тармақтары арасындағы қатынастарды реттеп, қазіргі заман талаптарына сәйкестікке келтіруге бағытталған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2020 17:54

Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір сөзінде атап өткендей, тарих біздің адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін заңның салтанат құруына ұмтылғанын көрсетеді.

Әлемдік озық тәжірибе мен үлгісін, сондай-ақ тарихи және ұлттық дәстүрлерді қамтитын Қазақстан Конституциясы халықтың бірлігі мен мемлекетіміздің Тәуелсіздігі үшін берік іргетас болып табылады. Біздің Ата Заңымыз алдағы уақытта да азаматтарымыздың мүдделеріне сай табысты қызмет етеді, Қазақстан Республикасының одан әрі дамуына үлес қосады, - деді Мемлекет басшысы.

Конституция күнін мерекелеу, тек ұлттық емес, өз елінің әрбір патриоты үшін жеке мереке. Бұл жолы Конституция күні қазақстандықтар бірден үш күн демала алады: 29-31 тамыз аралығында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: