Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте жаңа оқу жылы Абай өлеңімен басталды

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникаиялық орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2020 18:00 Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникаиялық орталығы
Шымкентте жаңа оқу жылы 172 білім беру мекемесімен 222 мыңға жуық оқушымен басталды.

Бірінші тоқсан жалпы қашықтықтан оқыту форматында жүргізіледі. 14 940 бастауыш сынып оқушылары үшін ата- аналарының өтініші негізінде қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, 996 кезекші сыныптар ашылады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов барша білім саласының қызметкерлерін жаңа оқу жылымен құттықтады.

Індетке байланысты елімізде алғаш рет оқушыларымыз жаңа оқу жылын қашықтан оқумен бастауда. Алайда қала мектептері оқу жылына дайын. Онлайн білім алу үшін толығымен интернет жүйесіне қосылған. 17 мыңнан астам қала ұстаздары IT бойынша білімдерін арттырды. Бүгінгі күні компьютерлер саны 20 201-ді құрап отыр. Биыл 10 975 дана компьютер сатып алынды. Одан бөлек, ҚР Үкімет қоры және жергілікті бюджет есебінен 36 355 компьютерлік құрылғылар алу жұмыстары басталды. Келген құрылғылар қажеттілігі бар оқушыларға уақытша пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде, жыл басындағы 1 компьютерге 24 оқушыдан келетін көрсеткіш 4-ке төмендейді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2020 18:00


Жалпы қаланың демографиялық өсіміне байланысты жыл сайын мектеп оқушыларының саны 12 мыңнан астам балаға артуда. Аталған мәселелерді шешу мақсатында Шымкент қаласының орта білім беру саласында жан басына қаржыландыру жүйесін ендіру арқылы жекеменшік мектептер желісін арттыру жұмыстары атқарылуда.

Биыл оқушылар білім күнін ұлы ақынның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңімен бастады. Өйткені биыл елімізде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерекесі аталып өтілуде. Бұл орайда тағы бір қуанышты жаңалық, биыл қаламызда Абай Құнанбайұлы атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия ашылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2020 18:00

Сондай-ақ, Шымкентте цифрландыру бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Қалада жаңа оқу жылынан бастап "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында "Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты" есігін айқара ашты. 5 "IT мектеп-лицейі" қайта құру арқылы жаңа бағытта жұмыс істейді. Осыған байланысты 12 STEM лабораторияларын ашу да жоспарлануда.

Одан бөлек, биылғы жаңа оқу жылында "Оқушылар сарайы" базасында заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген "IT-орталығы" қосымша білім береді.

Биыл елімізде Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығы аталып өтілуде. Ұлы тұлғалардың ұрпақ тәрбиесінде берер тағылымы мол. Оқушылар, ұстаздар және ата-аналарға табысты жыл тілеймін! Алған білімдеріңіз жемісті болсын!, – деді қала әкімі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: