Жаңалықтар тізбегі
0

Президент республикалық барлық жолдарды жөндеуден өткізуді тапсырды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2020 20:59 Pixabay
Президенттің бұл тапсырмасы 2025жылға дейін толықтай орындалуы керек.

2025 жылға дейінгі міндет - 24 мың шақырым жолды, яғни барлық республикалық жолдарды қайта жаңалап, жөндеп, жолдар бойын сервистермен қамтамасыз ету керек. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Көліктік-логистикалық кешенді дамыту да кезек күттірмейтін мәселе.

- "Нұрлы жол" бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру сәтті өтті, бұл ел астанасын аймақтармен "сәуле" қағидаты бойынша байланыстыруға мүмкіндік берді. Көлік жүйесінің жаңа инфрақұрылымдық негіздері қалыптасты, елдің әлемдік көлік дәліздеріне интеграциясы қамтамасыз етілді, Қазақстанның тарихи мәртебесі - Азия мен Еуропаны байланыстырушы буын ретінде қалпына келтірілді. Алайда, бұл саладағы бәсекелестік өте жоғары. Орталық Азия аймағында Қазақстанның транзиттік әлеуетін төмендетуге мүмкіндік беретін баламалы жобалар пайда болды, - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, "Нұрлы жолдың" екінші кезеңі біздің еліміздің көлік-транзиттік секторының жетекші рөлін нығайтуға бағытталуы керек.

- Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі серпінді инфрақұрылымдық жобалардың, жаңа елдер мен компанияларды тартудың, қызмет көрсету деңгейі мен транзиттік маршруттардың жылдамдығын арттырудың есебінен өсуі керек, деп сөзін қорытындылады ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: