Айзада Құрманова депутат лауазымынан босатылды

parlam.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2020 16:35 parlam.kz
Ол Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалуына байланысты Айзада Құрманова депутат лауазымынан босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжіліс төрағасы оған атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты.

Құрманова 1970 жылы Павлодар облысында туған. Павлодар педагогикалық институтын бітірген. Әр жылдары мектеп мұғалімі, мектеп директорының орынбасары, Павлодар облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, Павлодар облысының Лебяжі ауданының әкімі болған.

2019 жылдың наурызынан бері "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңесінің мүшесі.

Биыл шілде айында ол Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: