Жаңалықтар тізбегі
0

65 жастан асқан азаматтар мемлекеттік қызмет алу үшін мамандарды үйге шақырта алады

"Азаматтарға арналған үкімет", сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2020 20:44 "Азаматтарға арналған үкімет"
Мемлекеттік қызметтерді үйден алушылар тізімі толықтырылды.

Егер бұрын халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарын үйлеріне ерекше қажеттіліктері бар, 1-2 топтағы мүгедектер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері ғана шақырта алса, енді 65 жастан асқан азаматтар да мемлекеттік қызметтерді үйден ала алады. Бұл Қазақстанда бірқатар шектеу шараларының енгізілуімен байланысты. Атап айтқанда, 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылған болатын, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекеттік корпорация қызметкерін үйге шақырту үшін азамат немесе оның қамқоршысы 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, қызметке сұраныс қалдыруы керек. Бұдан кейін Азаматтарға арналған үкіметтің мамандары өтініш қалдырушымен байланысып, құжаттардың толықтығын нақтылайды және үйге барып мемлекеттік қызмет көрсетудің күні мен уақытын белгілейді. Айта кететіні, қызметкерлер өтінішті қабылдағаннан кейін қызмет алушыға 7 жұмыс күнінен кешікпей баруы керек.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, биылғы жылдың 7 айында мемлекеттік корпорация қызметкерлері үй-үйге барып 22 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. "Мобильді топты үйге шақыру кезінде халықты құжаттандыру қызметін көші-қон полициясының қызметкерлері жүзеге асыратынын ескеру қажет. Сондықтан, егер жеке куәлікті жарамдылық мерзімі аяқталуына байланысты ауыстыру қажет болса, үйге бару және құжатты дайындау уақытын ескере отырып, өтінішті кем дегенде 2 апта бұрын қалдыруға кеңес береміз", – деп атап өтті Балташева.

Естеріңізге сала кетейік, үйге шақырту барысында алынатын ең танымал қызметтердің ішінде төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру, мүгедектерді сурдо-тефлотехникалық және міндетті гигиена құралдарымен қамтамасыз ету, мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін тиісті қағаздарын дайындау сияқты қызметтер бар.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері коронавирус пандемиясы жағдайында қызметтерді барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып көрсетеді. Барлық маман маска мен антисептиктермен қамтамасыз етілген. Қызмет алушылармен байланысты азайту үшін ХҚО мамандары дәлізден ары өтпей, әлеуметтік қашықтықты сақтайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: