Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлдық Илон Маск. Түсінде көрген көлікті өңінде жасап шығарды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2020 17:31 Сурет: zakon.kz
Жан-жаққа дәлелдеп жүріп, патент те алып үлгеріпті.

Ақиқатқа айналған арман. Петропавлдық қария түсінде көрген көлікті өңінде ойлап тапты. Ол кәдімгі үш дөңгелекті, бірақ, педальсіз жүретін велосипедті жалғыз өзі жасап шығарған. Автордың айтуынша жаңа көлік жүрек талмасы бар науқастарға таптырмас құрал болатын көрінеді. Тіпті, дәрігерлер мен мұғалімдерге қала берді, жүйкесі сыр берген шенеуніктерге мініп жүруге кеңес беріп отыр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Валентин Бондарев жаңа құрылғының нобайын осыдан 16 жыл бұрын түсінде көріпті. Бірақ, енді ғана жүзеге асырып отыр. Түк те айырмашылығы жоқ, кәдімгі велосипедтен. Әсіресе, бүлдіршіндердің "балдырғанына" қатты ұқсайды. Тек, мұнда педаль жоқ.

Әлі есімде, велосипедтің жақтауы жанымда жақсы сақталып қалды. Оянсам, түсім екен. Біраз ойланып жүріп, іске асыруды жөн көрдім, дейді өнертапқыш Валентин Бондарев.


Кезінде университетте дәнекерлеу өндірісінің технологиясын жастарға үйреткен өнертапқыш үш дөңгелекті "көлікті" өз үйінің балконында жасап шығарған. Ең алдымен сызбасын қағаз бетіне түсіріпті. Соған сәйкес, әрбір нүктені шебер қиылыстырған. Нәтижесінде ойлаған арманын оп-оңай жүзеге асырды.

Егер асықпай жүретін болсаңыз, сағатына 20 шақырымға дейін жетуге болады. Ал, адымдап 15 шақырымды еңсересіз, дейді ол.


Бұл – "асықпаған арбамен қоян алады" дегенге саяды. Дегенмен, өнертапқыш өз ойының жүзеге асқанына қуанышты. Өйткені, өздігінен жүріп-тұра алмайтын азаматтар мен сал ауруына шалдыққан науқастар және жүрек талмасы бар жандар мінсе, тапсырмас құрал болады дейді. Тіпті, жүйкесі сыр берген шенеуніктерге де мініп жүріңдер деп кеңес беріп отыр.

Өте баяу қозғалыста жүріп, жүректің қалыпты жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Қан айналымын арттырады, дейді өнертапқыш Валентин Бондарев.

Автор кезінде жүрек ауруына шалдыққан соң осы құралды ойлап табу арқылы дертінен біржола айыққанын айтып отыр. Жан-жаққа дәлелдеп жүріп, патент те алып үлгеріпті. Енді оның санын көбейтпек ниетте. Бірақ, қаржы жоқ. Біржолата айналымға шығару үшін инвестор іздеп жүр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: