"Зейнет жасын төмендетсін" деген көптің талабы орындала ма? Министр жауап берді
inbusiness.kz
Бұл - жұмыспен қамту деңгейін, ресми жұмыспен қамтуды және біздің азаматтардың Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорындағы зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру бойынша міндеттер.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнеткерлік жасты қысқарту бойынша көптің ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.
- Зейнет жасын төмендету жоспарда жоқ па? Пандемия көптеген адамның зейнет жасына жетпей қайтыс болғанын көрсетіп отыр. Қазақстандықтардың денсаулығы зейнеткерлік жастың ескі шегіне жауап бере алмайды, - деген журналисттің сұрағы үкіметтің брифингінде министр Біржан Нұрымбетов жауап бере отырып, жоғарыда мұндай мәселе қарастырылмағанын айтты.
- Қазіргі уақытта зейнеткерлік жасты төмендету мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бүгінгі күні біздің зейнетақы жүйесі жұмыс тәжірибесіне байланған, бұл еңбек өтіліне қарай төлейтін мемлекеттік қамсыздандырудағы зейнетақы және кепілдендірілген базалық зейнетақы, жинақтаушы жүйесі бойынша. Сонымен бірге зейнетақының тұрақты бөлігі біртіндеп алынып тасталуда, өйткені ол 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі үшін төленіп келді. Енді бірінші рөлге жинақтаушы зейнетақы жүйесі шығады, ол бірінші кезекте осы жүйеге қатысу ұзақтығына және жинақ көлеміне байланысты болады. Сондықтан, бұл жағдайда халықтың табысын арттыру, тиісінше, азаматтарға зейнетақы жинақтаудың жаңа көздерін арттыру міндеттері тұр. Сонымен қатар, бұл - жұмыспен қамту деңгейін, ресми жұмыспен қамтуды және біздің азаматтардың Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорындағы зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру бойынша міндеттер, - деп түсіндірді Еңбек министрі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript