Жаңалықтар тізбегі
0

Президентке ШҚО экономикасының ахуалы жайында есеп берілді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2020 02:53 Ақорда
Облыс басшысы өңірдегі "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстар жайында ақпарат берді.

Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шығыс Қазақстан облысының экономикалық ахуалы жайында есеп беріліп, аймақтың қысқа мерзімді және келер жылға арналған даму жоспары, оның ішінде, өнеркәсіп өнімдері, ауылшаруашылығы, өндіріс салалары бойынша атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндалды.

Мемлекет басшысы облыстың медициналық әлеуетін арттырып, коронавирус індетінің екінші толқынына дайын болу керектігін айтты. Даниал Ахметов өңірдегі жұқпалы аурулар ауруханаларындағы төсек-орындардың санын 10 есеге көбейгенін, Президенттің тапсырмасына сәйкес тұрақтандыру қоры құрылғанын, жалпы құны 18 миллиард теңгеге медициналық құрал-жабдықтардың сатып алынып жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар облыс басшысы өңірдегі ауылшаруашылығы саласының құрылымы өзгеріп жатқаны, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстар жайында ақпарат берді. Әкімнің айтуынша, Өскемен – Талдықорған, Семей – Майқапшағай күре жолдары қазан айының соңына дейін пайдалануға беріледі.

Бұдан бөлек Даниал Ахметов Абайдың 175 жылдығы аясында жасалған жұмыстардың нәтижесімен таныстырды. Биыл Семей қаласындағы автомобиль жолдары жөнделіп, 300 балаға арналған мектеп салынған. Тұрғын үй құрылысының қарқыны артып, мұражай кешені толықтай жаңартылған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттарды іске асырудың маңыздылығына тоқталды. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, облыстың ауылшаруашылық саласындағы экспорттық әлеуетін арттыруды тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: