Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда секс-тренерлер трендке айналып барады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2020 20:11 видеодан кадр
Қай жерін сүю керек, қай жерін сипау керек деген сияқты тапсырма береді олар.

Төсек қатынасының қыр-сырын үйретемін! Елімізде соңғы кездері тренинг өткізетін сексологтар көбейіп кетті. Бұдан бұрын трендте бизнес – тренелер мен мотиваторлар болатын. Оларға деген сұраныс азайды ма, әлде жұрттың кәсіп үйренуге ынтасы жоғалды ма, кім білсін, төсек тақырыбын төңіректейтіндер қарасы молайған. Бірақ интимдік байланыстың құпиясын білемін деп жүргендер расымен білімді ме? Кәсіби маман қайсы?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Иә, ұят болса да, ұят емес деп жыныстық қатынасқа байланысты тренгинг өткізіп жүрген Анель Нұржаубаеваның негізгі мамандығы қаржыгер. Қазақ қоғамында жыныстық өмірді ашық айту ұят, жұптарға төсек қатынасын үйрету ұят, ерлі-зайыптылардың төсек өмірін талқылауы ұят десе де жабық тақырыпты ашық айтуға бел буған. Сол үшін де сексологияны кәсіп қылыпты. Коуч-тренердің онлайн сабағы 80 мың тұрса, жеке сабағы 100 мыңнан жоғары деседі. Оған білім іздеп әйелдермен қатар ер азаматтар да өте көп келетін көрінеді.

Анель Нұржаубаева, сексолог:

"Ер кісілердің басты сұрайтын сұрақтары бұл әйелмен дұрыс жыныстық қарым-қатынас орнату үшін не істеу керек, қалай істеу керек сол ең басты проблемалар. Ең бірінші көбінесе әйелдер босанған соң келеді. Себебі өз жыныс денсаулығын қалпына келтіру үшін. Ең бастысы гинекологиялық мәселелерді шешу үшін келеді. Екіншісі оргазм мәселесі. Ол тек бізде ғана емес дүниежүзіндегі мәселенің бірі. Сол екі басты мәселемен келеді".

Жыныстық өмір туралы сөз қозғау қазақтарда табу екені белгілі. Сол себепті де ұялмай секс тренерлерден сабақ алған кейіпкеріміз түрін көрсетіп атын атаудан қымсынды. Ерінің көңілін табу үшін осындай тренингтерге қатысып, ара-тұра пайдасын көргенін де жасырмады.

"Негізі бұның барлығы отбасын құрып күйеуіммен төсек қатынасы суып кеткеннен басталды. Жолдасым жұмыста, мен үйде бала туып отырғаннан кейін орысша айтқанда начала деградировать. Бір-екі апта пайдасы болды жаңашыл дүние болған соң. Бірақ келесі сабақтарда барлығы қайталанғандай болды. Вебинарларда айтады ғой қай жерін сүю керек, қай жерін сипау керек деген сияқты тапсырма береді олар. Кімде қалай өтті деген сияқты талқылаймыз".

Ал, медицина қызметкері, яғни психо-сексолог маман әр адам осындай тренингтерге қатыспай тұрып, олардың арнайы білімі бар ма, соны анықтап алуға кеңес береді. Өйткені, жыныстық сауаттылықты медициналық білімі бар маман үйреткені жөн. Ал егерде оқымаған тренерлерге адамды алдаудың қажеті жоқ, дейді.

Венера Телжан, клиникалық сексолог:

"Сұраныс бар. Әйелдеріміздің өзі бір нәрсені естіп алады, бір нәрсені көріп алады. Бұл керемет екен ішіне тас салсаң болды жыныс мүшең тарылып кете салады деген сияқты. Біз түсінуміз керек. Жыныс мүшеңді тарылту үшін әйел адам бірінші миын кеңейтуі керек. Қазіргі таңда осы интимді жаттығулармен клиникалық, медициналық сексолог маман болмаса сексопатолог маман, болмаса гинеколог маман жұмыс істеуі қажет. Жәй бір ай екі ай оқып алған сертификатталған сексолог мамандарды біз сексолог деп біз айта алмаймыз".

Ал, сексопатолог әйелдердің мамандарға емес, онлайн тренингтерге жүгінетінін олардың ұяңдығымен байланыстырды.

Дәурен Дүйсенов, сексопатолог:

"Меніңше ондай қатты келмейді. Мысалы бізде бір аптада еркектер сексология жағынан 10 еркек келеді. Әйелдер сирек келеді. Мысалы олар көп ұялады. Инстаграмда немесе әлеуметтік желілерде өте көп тренерлар бар. Сол сексологтар емдегенде ең біріншіден медициналық ақпаратты білуі керек".

Алайда психолог бұл тенденцияны әлеуметтік желінің қарқындап дамуынан деп түсіндірді.

Серікгүл Сали, психолог:

"Жалпы отбасындағы жыныстық өмірдің әйелдер тарапынан проблемаға айналуы. Тек қазақтарға емес бұл барлық ұлттарда болды. Біздің елімізде қазіргі кезде көптеген екпін алып тұр. Барлық әйел осы жыныстық өмірдің құпиясын түсінгісі келеді".

Қазақ әйелінің образы әрқашанда ұяңдықпен сипатталады. Десе де, мамандар олардың өмірінде жыныстық проблема болса сексологтарға жүгінгені де дұрыс деген пікірде. Бірақ табыстың соңында жүрген оқымаған коуч-тренерлерге емес, білімі бар мамандарға бару керек екенін айтады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: