Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы шетіндегі 1400 көше жыл соңына дейін жарықтандырылады

almaty.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2020 22:10 almaty.gov.kz
Б.Сағынтаевтың тапсырмасымен.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев пен "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала көшелерін жарықтандыруға ерекше көңіл бөледі, өйткені оған жайлылық қана емес, қоғамдық қауіпсіздік те байланысты. Осыған байланысты әкімнің тапсырмасы бойынша, Алматыда бұрын-соңды жарық көрмеген 1400 көше жарықтандырылады.

"Әкімнің тапсырмасы бойынша өткен жылы 329 көше жарықтандырылды. Ағымдағы жылы негізгі 1400 көше жарықтандырылады. Бұл Алатау, Наурызбай, Жетісу және Түрксіб аудандарының көшелері. Жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда", - деді Әсет Масабаев. Қазіргі уақытта 80 км сым өткізілсе, қыркүйек айының соңына дейін шамдарға арналған 7 мың кронштейн ілінеді. Медеу, Бостандық, Алмалы және Әуезов аудандарының қалған 600 көшесі келесі жылы аяқталады.

Сондай-ақ, А.Масабаев қазіргі уақытта ескі LED шамдарын жаңалау жұмыстары жүргізілгенін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: