Көлікке қате есептелген салықты онлайн түзетуге болады
Салық төлеушілер сатылған автокөлік үшін салық есептелсе немесе көлік құралының дұрыс емес сипаттамаларына байланысты салық дұрыс есептелмеген (қозғалтқыштың дұрыс емес көлемі, көлік құралының дұрыс санаты және т.б. көрсетілген) жағдайда салық төлеушілер деректерді үйден шықпай-ақ түзете алады, деп хабарлайды zakon.kz.
Мұндай мәселелерді жедел шешу және дұрыс емес ақпаратты түзету үшін түзету қызметі жасалды. Ол онлайн режимде түзетуге, оның ішінде көлік құралының сипаттамаларын өзгертуге, көлік құралының иеліктен шығуына байланысты дерекқордан шығаруға және т. б. өтініш беруге мүмкіндік береді.
Бұл қызметті "Е – Salyq" мобильді қосымшасының "Салық әмияны" арқылы пайдалануға болады, оны "App Store" және "Play Market" - тен жүктеуге болады.
Интерфейсте сату туралы құжаттарды немесе автомобильдің дұрыс деректерін қосу жеткілікті. Бірнеше күн ішінде ақпарат түзетіледі.
Сондай-ақ, "e-Salyq" мобильді қосымшасында жол полициясы органдарында тіркеу есебінде тұрған көлік құралдары бойынша деректерді қарау мүмкіндігі бар.
Төлеуге жататын көлік салығы сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталы, EGOV электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының аудандық басқармаларында білуге болады.
Көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешектің бар сомасы туралы мәліметтерді ұсыну мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті екінші деңгейдегі банктердің ("Каспи банк" АҚ, "Халық банк" АҚ) мобильдік қосымшалары арқылы борышкерлердің мекенжайына хабарлама жіберу жоспарлануда. Аталған банктердің мобильдік қосымшаларын пайдаланушыларға көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек сомалары туралы хабарлама жіберіледі.
Пайда болған берешек бойынша анықтамалық ақпарат алу үшін жеке тұлғалар Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша жүгіне алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін күн болып табылады. Осылайша, көрсетілген мерзімде салық төлемеген азаматтар төлеуі тиіс салық берешектері қалыптасады.
Сонымен қатар қазіргі уақытта жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізіліп жатырырғанын еске саламыз. Ол ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.
Оның аясында көлік құралдарына салынытын салық, мүлік салығы және жер салығы бойынша берешектер сомасына есептелген өсімпұл есептен шығарылады. Осылайша, азаматтардың есептелген өсімпұлды төлеу қажеттілігінсіз салықтар бойынша бар берешектерін өтеуге мүмкіндігі бар.