Қазақстаннан Қырғызстан мен Өзбекстанға ұшақтар ұша бастайды

Pinterest, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2020 05:09 Pinterest
Атап айтқанда, 10 қыркүйектен бастап.

Қазақстан 10 қыркүйектен бастап Өзбекстанмен және Қырғызстанмен арадағы әуе қатынасын қалпына келтіреді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұндай шешімді Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев растағандай, бұл шешім бүгін түске таман қабылданды. Енді бір күннен кейін қазақстандықтар көршілес республикаларға сапарлай алады.

Ресеймен арадағы әуе қатынасы мәселесі, оның айтуынша, әлі күнге дейін анықталмаған және бұл мәселе ресейлік тараптың қабылдаған шешіміне байланысты.

Өзбекстанның Қазақстанмен арадағы тұрақты әуе рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат тамыздың соңында пайда болды.

Елімізге шетелден келу тәртібі Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15 тамыздағы қаулысымен анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: