Жаңалықтар тізбегі
0

Білім министрлігі депутаттардың сынына жауап берді

zhaikpress.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2020 22:20 zhaikpress.kz
Білім министрлігі жалпылай алғанда депутаттардың айтқанымен келіспейді, олардың пікірінше, биылғы оқу жылы жоспарға сәйкес, ақырындап жүріп жатыр.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қашықтықтан оқыту форматының тиімсіздігі мен дұрыс ұйымдастырылмағанына қатысты депутаттардың сынына жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Оқу жылы басталар алдында көптеген дайындық жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні мектеп оқушыларының 70% -дан астамы қашықтықтан оқиды. Сонымен қатар, 3 мыңға жуық мектеп қалыпты тәсілде жұмыс істейді, бұл жалпы мектептер санының - 43%. Кезекші сыныптар барлық мектептерде ашылған. Бүгінгі күні кезекші сыныптарда 547 мыңға жуық бастауыш сынып оқушылары білім алып жатыр, олардың 60% -ы - бірінші сынып оқушылары. Сондықтан, ақпарат айдынында пайда болған "оқу жылы басталғаннан дұрыс ұйымдастырылмады" деген ақпараттың өзі дұрыс емес. Оқу жылы жоспарға сәйкес, ақырындап жүріп жатыр. Біздің еліміздегі 500 мыңнан астам мұғалімнің еңбегін ескермеуге болмайды. Бүгін барлық мұғалімдер жұмысқа кірісті, барлығы сабақ беріп жатыр, - деді Шолпан Каринова Орталық коммуникация орталығында өткен брифингте.

Ол оқу жылы басталар алдында қашықтықтан білім алу үшін мектеп оқушылары компьютермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілгенін де атап өтті. Мұқтаж оқушыларға шамамен 435 мың компьютер берілді. Сонымен қатар, әдеттегідей жұмыс істей бастаған мектептерде санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасалды.

- Жалпы алғанда, оқу процесі жыл сайын алғашқы екі аптада ұйымдастырушылық мәселелерді қарастыру режимінде өтеді, яғни тариф бойынша тізім жасалады, оқу жоспарлары бекітіледі және сабақ кестесі жасалады. Бұл жылы да осылай етіп жатырмыз, - дейді Білім және ғылым вице-министрі.

Еске сала кетелік, Мәжілістің бүгінгі пленарлық отырысы кезінде бірнеше депутат қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі білім беру форматына тезірек оралу керектігін талап етті, өйткені "уақытша" қашықтықтан оқу жүйесі білім сапасы мен білім беру тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: