Жаңалықтар тізбегі
0

Қазаннан бастап темекі сатудың жаңа шарттары күшіне енеді

Press.lv, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2020 17:37 Press.lv
Темекі өнімдері міндетті түрде таңбалануы тиіс.

Қазан айынан бастап, темекі өнімдері міндетті түрде таңбалануы тиіс. Бұл нарықтың ашықтығы мен тұрғындарды жасанды өнімдерден, әсіресе, арзан бірақ денсаулыққа зиян контрафактіден сақтау болып табылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сандық таңбалауды енгізудің бірінші кезеңінің аясында, 2020 жылдың 1-қазанынан бастап темекі өнімдерін сату жаңа шарттарда жүзеге асырылады, оған сәйкес темекі өнімдері міндетті түрде таңбалануы тиіс. Темекі өнімінің кез-келген айналымында шығарылған мерзімнен бастап 2D-СКАНЕР қолданылуы тиіс, аталмыш сканер қажетті мәліметтерді оқуға және оларды фискалды деректер операторларына беруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, егер өндіруші өз жұмысында 2D-СКАНЕР қолданатын болса, оның жаңасын сатып алудың қажеті жоқ.

Таңбалау – тауардағы арнайы шифрланған белгі, ол өндіруші туралы толық ақпарат, сериялық нөмір және бұзудан сақтайтын кодтан тұрады. Тауарларды таңбалауда DataMatrix бірегей коды пайдаланылады. Ол бірегей, қайталанбайды және оны бұзу мүмкін емес. Бұл шынайы өндірушінің тауар сапасына кепілдігін қамтамасыз етеді, сәйкесінше өнімнің қолданушы денсаулығына қауіпсіздігін білдіреді. DataMatrix темекі қорабының сыртына орналастырылады және бұл кодтың 30 пайызға дейін бұзылуы анықталса да, 2D-СКАНЕР осындай кодты оқи алады.

Кәсіпкерлерге ыңғайлы болуы үшін Сандық таңбалауды енгізу мен тауарларды қадағалау жөніндегі ұлттық оператор нарықта сатылатын сканерлерді тестілеуден өткізіп, сандық таңбамен қолдану талаптарына сай келетін құрылғыларды таңдап алды. Олар туралы мәліметті келесі сілтемеге өту арқылы білуге болады - https://www.ismet.kz/ru/main/equipment-scanners.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: