Жаңалықтар тізбегі
0

Инновациялық және ғылыми-техникалық даму заң жобасы ашық талқылауға түсті

imeyupravo.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2020 17:41 imeyupravo.info
Қазақстандықтардың талқылауға қатысуы үшін бұл нормалар "Ашық деректер" порталында орналастырылған.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елдің инновациялық және ғылыми-техникалық дамуына қатысты заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Инновациялық және ғылыми-техникалық даму мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы елдегі инновациялық белсенділікті арттыруға, сондай-ақ отандық әзірлеушілерді қолдаудың тиімді экожүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Сарапшылардың пікірінше, инновацияларды қолдау сапалы жаңа деңгейге шығуы үшін осы бағыттағы қолданыстағы нормаларды, оның ішінде инновациялық қызметті ынталандыру мен көтермелеуге қатысты нормаларды өзектендіру маңызды. Бұл ретте жұмыста халықаралық тәсілдерді қолдану және мемлекеттік инновациялық саясатты үйлестіруді күшейту міндетті өлшемдер болып табылады.

Жоба нормалары қабылданған жағдайда негізгі өзгерістер мен жаңалықтар технологиялық платформаларды қалыптастыру, корпоративтік инновацияларды, венчурлік капитал нарығын дамыту, стартаптар мен инновациялық компанияларды ынталандыру, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың тиімділігін арттыру және мемлекеттік саясатты іске асыруды институционалдық күшейту сияқты бағыттарда іске асырылады.

Заң жобасын әзірлеуге Заңды жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасымен мақұлданған сараптама қоғамдастығының ондаған өкілі қатысты, нәтижесінде 160-қа жуық заңнамалық норма қалыптастырылды.

Қазақстандықтардың талқылауға қатысуы үшін бұл нормалар "Ашық деректер" порталында орналастырылған. Заң жобасы бойынша ұсыныстар портал арқылы 15 қыркүйекке дейін қабылданады. Заң жобасының тұжырымдамасымен мына сілтемеден танысуға болады - https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4751916.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: