Жаңалықтар тізбегі
0

Қалааралық автобустар қозғалысы қашан жанданады?

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2020 18:33 видеодан кадр
Автовокзал қызметкерлерін қоспағанда шартқа отырған тасымалдаушы компаниялар да тоқыраудың алдында.

Елордадағы "Сапаржай" қызметкерлері жарты жылдан бері жұмыссыз отыр. 31 тамыздан бастап, өңіраралық автобустар қатынасы жанданады десе де, автовокзал ғимаратында әлі де қыбыр еткен жан жоқ. Ал тағаты таусылған жұмыскерлер қызметтеріне кірісетін күнді асыға күтуде. "Пойыздар жүріп, әуе жолдары ашық тұрғанда автобустар қатынасын бөгеуге қандай негіз бар?", - дейді олар, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Әдетте тіршілік қайнап жататын сапаржай маңы қазір тым-тырыс. Кассалардың да автобекеттердің де жұмысы 6 айдан бері тоқтап тұр. Ал мұнда қызмет ететін 80-ге жуық жұмыскердің де табысы тыйылғанына міне жарты жыл.

Жұмаш Әбдірахманов, тасымалдау бөлімінің басшысы:

74 адамның артында семьясы бар. Олардың төлейтін бірден-екіден кредиттері бар. Тұратын квартиралары бар. 70 процент квартирада тұрады. Пойыз жүріп жатыр, ұшақ ұшып жатыр, базарларда мыңдаған адам күніне кіріп-шығып жатыр. Сонда мен ойлаймын, осы сапаржайда ғана коронавирус бар ма деп.

Иә, карантиндік шектеулерден біртіндеп босап жатқан жайымыз бар. Санитарлық талаптарды сақтай отыра жұмыстарыңды жалғастыра беріңдер деп бас санитардың өзі батасын беріп еді. Бірақ, бұл нұсқаудың халықаралық, облысаралық автобустар қатынасына қатысы жоқ болып шықты. Сапаржайлар сыз тартып, қаңтарылған күйі әлі тұр.

Гүлмира Елубаева, диспетчер:

Көбісі көпбалалы аналар, асыраушысынан айырылғандар сондай әлеуметтік жағдайлары төмен отбасылар. Мынау жұмыс тоқтағаны жанымызға қатты батып отыр. Тығырыққа тіреліп отырмыз. Өте қиналып отырмыз.

Бірақ, қанша қиналсақ та сабырмен күтіп келеміз дейді мұндағылар. Пойыздар үздіксіз қатынап, әуе жолдары ашық тұрған соң, үнсіз қала алмағанға ұқсайды.

Құралай Баймұратова, кассир:

Өте тәрбиелі адамдармыз рас. Далаға шығып, шу шығарып, митинг жасап ондай бізде жоқ. Бар болса, марттан шулаушы едік.

Көпбол Ерсейітов, жүргізуші:

Ақыры ашып жатқаннан кейін бізді де кішкене қарастырып. Бізде енді барлық требование бар. Частный перевозщиктарда ондай жоқ мысалы.

Автовокзал қызметкерлерін қоспағанда шартқа отырған 50 тасымалдаушы компания да тоқыраудың алдында. Олардың ең кішісі 10, ал үлкені жоқ дегенде 80 адамды жұмыспен қамтып отырған көрінеді. Ала жаздай жабық тұрған мекеме жарты жылдың салығын қай кіріспен жабарын білмей дал.

Фарида Қожағұлова, бас есепші:

6 айда біз бір ай ғана жұмысқа шықтық. 25 миллионның үстінде салық төлеуіміз керек. Кіріс жоқ. Ақшаны қайдан аламыз? Барлық кірісімізді заңсыз адам тасымалымен айналысып жүрген көліктерге кетіп жатыр. Осы жағдайға байланысты қол-аяғымыз байлаулы.

Бірақ бір қызығы, жекеменшік тасымалдаушылардың аяқ-қолын тұсап жатқан ешкім жоқ.

Қаланың сырт жағында емін-еркін кісі басын құрап, күн сайын дамылсыз тиеп әкетіп жатыр мұнда. Соңғы айларда ұранымызға айналған санитарлық талаптардың да оңып тұрғаны шамалы.

"Кондиционер бәрі бар ішінде. Маскамен отыру керек пе ішінде? Посттан шығып кеткеннен кейін масканы алып тастайсың ғой. Маска тағып жүрген адам жоқ. Масканы алып тастайсың. Тоқтатса, тағып аласың ғой. Просто масканы қалтаға салып алу керек, болды".

Осылайша, заңсыз тасымалдаушылардың дәурені жүріп-ақ тұр. Тексеріп жатқан ешкім жоқ. Ал "Сапаржай" қызметкерлері жаппай жұмысқа шығатын күнді асыға күтуде. "Жиған-тергеніміз таусылды. Ағайынға алақан жая беру де ұят. Тіпті, бүгін-ақ ашылуға сақадай саймыз" деп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: