Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысы әкімінің 50 гранты резидентураға бөлінді

Атырау облысының ӨКҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2020 20:36 Атырау облысының ӨКҚ
Үміткерлер тізімі Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен отырыста бекітілді.

Атырау облысында 50 талапкерге жергілікті бюджеттен резидентура гранттары бөлінді, деп хабарлайды zakon.kz облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі грантына өтініш берген үміткерлер тізімі Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен отырыста бекітілді.

Атырау облысы әкімінің орынбасарының айтуынша, медициналық қызметкерлер тапшылығы өңірдегі ең күрделі мәселелердің бірі. Пандемия басталған кезде өңірге 300-дей маманның жетпейтіндігі салаға ауыр жүк болды. Қазір облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің нақты тапсырмасы бойынша жергілікті жерде медициналық мамандар жетіспеушілігін шешу мақсатында нақты қадамдар жасалып жатыр. Атап айтқанда, маусым-шілде айларында аймаққа жүзден астам жас маман тартылып, оларды ынталандыру, қолдау тетіктері күшейтілді. Сонымен қатар, медицина саласына берілетін гранттар саны көбейтілді.

Атап айтқанда, облыс әкімінің грантына ие болғандар М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінде, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде, Астана медициналық университеті мен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында білім алады.

Айта кетелік, биыл Атырау облысы әкімінің аса маңызды салалар бойынша бөлінген грантына 139 жас ие болды.​​​​​​​​​​​​​​

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: