Жаңалықтар тізбегі
0

Шетелде оқыған 2 мыңнан астам студент отандық жоғары оқу орындарына ауысты

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2020 21:37 Pixabay
Кейбір шетелдік жоғары оқу орындар өз студенттеріне қашықтан оқытуды жалғастыру үшін платформалар ұсына алмаған.

ҚР БҒМ бұған дейін шетелдік жоғары оқу орындарында өз бетінше оқыған қазақстандық студенттерге отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ведомстваның хабарлауынша, студентерге құжаттарды рәсімдеу барысында ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жеңілдетілген формат ұсынылды.

Шетелдік жоғары оқу орындарының басым бөлігі қазақстандық ЖОО-лар сияқты оқу жылын қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып бастады. Алайда, кейбір шетелдік жоғары оқу орындар өз студенттеріне қашықтан оқытуды жалғастыру үшін платформалар ұсына алмады.

Тамыз айының басында БҒМ оқуын жалғастыру үшін өзіне байланысты емес себептер бойынша елден шыға алмаған студенттерге көмек көрсете бастады. Алдын ала қабылданған шешімдердің арқасында 2 мыңнан астам қазақстандық студент отандық жоғары оқу орындарына ауысуға ниет білдірді. Осы санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында арнайы жедел желі іске қосылып, құжаттарды қабылдау процедурасы жеңілдетілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: