Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин баға тұрақтылығын қатаң бақылауды тапсырды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2020 16:31 primeminister.kz
Әкімдіктерге импортқа тәуелді тауарлар (қант, көкөніс өнімдері және басқалары) өндірісін ұлғайту бойынша жобаларды басым ретпен іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны реттеу және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бағаға мониторинг жүргізу және қабылданған шаралар туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, өңірлердегі ахуал туралы Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов баяндады. Биыл қалыптасқан жағдайда Үкімет пен әкімдіктер өнім өндіруді, сақтауды және барлық өңірлерге жеткізуді қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қабылдады", делінген Премьер-министрдің сайтында.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасы белгіленді, бағаны тежеу міндеттемесімен «қайтарымды схема» арқылы сауда желілеріне жеңілдікті қарыз беру практикасы кеңейтілді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, оның ішінде форвардтық сатып алу механизмі енгізілді – 24,5 млрд теңге бөлінді, 516,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу үшін 159 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші іріктелді.

Премьер-министр қабылданған шаралардың әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын 4,4% деңгейінде тұрақтандыруға мүмкіндік бергенін атап өтті, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден екі есе аз (8,7%). Үкімет басшысы бағаны тұрақтандыру бойынша Алматы қаласын мысалға келтірді, мұнда «қайтарымды схема» үшін жедел түрде қаражат бөлу жұмыстары жүргізілді, бұл тұрақтандыру қорларын дер кезінде толықтыруға, сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімін кеңейтуге мүмкіндік берді.

"Әкімдіктер алдын алу шараларын дер кезінде қабылдаса, бағаның тұрақтылығы мен оны тежеу қамтамасыз етіледі. Біз импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс жасап жатырмыз. Бағаны қымбаттатуға ешбір себеп жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлық түрлері бойынша бағаның тұрақтылығына қатаң бақылау қамтамасыз етіледі", — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, сыртқы жағдайға және азық-түлік қорының жеткілікті болуы мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығына мониторингті жалғастыруды, «қайтарымды схема» арқылы сауда желілеріне жеңілдікті қарыз беруді кеңейту, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін форвардтық сатып алу практикасы мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Әкімдіктерге импортқа тәуелді тауарлар (қант, көкөніс өнімдері және басқалары) өндірісін ұлғайту бойынша жобаларды басым ретпен іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірлер әкімдерінің назарын өзімізде өндірілетін азық-түліктің, әсіресе, картоп, ұн, сәбіз және қарақұмық жармасының бағасын өсіруге жол бермеуі тиіс екеніне аударды.

"Азық-түліктің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету қазақстандықтардың тұрмыс сапасының басты факторларының бірі", — деді А. Мамин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: