Жаңалықтар тізбегі
0

"Халықаралық компания, алдамайды" деген Qnet те қу-сұмның өзі болып шықты

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2020 18:44 inform.kz
Оның арбауына 220 қазақстандық түсіп үлгерген. Онда да бұл - ресми органға арызданғандары бойынша цифр.

Елімізде 220 адам Qnet-ке алданған. Ішкі істер министрлігі бүгінгі таңда бұл алаяқтық фактісін тексеріп жатыр. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Qnet-ке қатысты бас кеңсе Малайзияда орналасқанын айта кетейін. Бұл желілік маркетингті білдіреді, онда адамдар әртүрлі зергерлік бұйымдарды сатумен айналысады. Бастапқы салым - $30. Қазіргі уақытта 211 азаматтан шағым-арыз тіркелді. Жалпы, республика бойынша осы бағытта 29 қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деді ол.

Жалпы алғанда, Алматы облысы бойынша полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы "Қаржы (инвестициялық) пирамидаларын құру және басқару" бойынша Qnet компаниясы өкілдеріне қатысты 20 қылмыстық істі тергеп жатыр. Жәбірленуші деп 220 адам танылды. Белгіленген материалдық залалдың мөлшері 160 миллион теңгені құрайды. Тергеу шаралары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

- Халықаралық тергеу комиссиясы Малайзия Корольдігіне жіберілді. Қылмыстық істің нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз, - дейді Әділов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: