Жаңалықтар тізбегі
0

Салық бойынша қарызы барларға өсімпұлдан бөлек айыппұл салынбайды - Қаржы министрлігі

kursiv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2020 19:12 kursiv.kz
Салық кодексінде салық міндеттемесін орындауды кешіктірген әрбір күн үшін берешек сома үшін өсімпұл есептеуді қоспағанда, айыппұлдар белгіленбеген.

ҚР Қаржы министрлігі әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде "қазан айының 1-не дейінгі өткен салық кезеңдері бойынша қарыздар төленбеген жағдайда өсімпұлдан (пениеден) бөлек 8 АЕК (шамамен 20000 теңге) мөлшерінде айыппұл алынады" деп тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қаржы министрлігі бұл хабарламаның шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми түрде мәлімдейді. Жеке тұлғалар жер салығы мен мүлік салығын бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуі тиіс. Көлік салығы салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілімеуі керек. Сонымен бірге, Салық кодексінде салық міндеттемесін орындауды кешіктірген әрбір күн үшін берешек сома үшін өсімпұл есептеуді қоспағанда, айыппұлдар белгіленбеген, - деді ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.

Ол жеке тұлғаларға арналған салық амнистиясы жыл соңына дейін күшін сақтайтынын, оған сәйкес кешіктірген салығының негізгі сомасын жеке тұлға төлесе, онда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: