Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында шалынған қоңырау арқылы 7 тұлғаның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Арайлым Тастемір, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2020 02:53 Арайлым Тастемір
9 тұлғаға 1,5 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді.

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай 2020 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Баспасөз жиынында ағымдағы жылдың 8 айында Департаменттің Тергеу басқарамасының өндірісінде 288 қылмыстық іс болғаны, оның ішінде 169-ы Агенттіктің Түркістан облыстық департаментімен тіркелгені атап өтілді.

Және өндірісте болған істердің 184-і өндіріспен аяқталып, оның 42 ісі айыптау актісімен сотқа жолданғаны баяндалды.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихаты барысында әрбір аяқталған істер бойынша алдын алу шараларын күнделікті жүргізудің арқасында ҚР ҚПК-нің 200 бабына сәйкес, заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстарды енгізу көрсеткіші 100%-ға жеткендігі атап көрсетілді.

Атап айтқанда, биылғы жылдың 8 айында 75 ұсыныс жолданып, оның 64-і қаралып, 44 лауазымды тұлға түрлі деңгейдегі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған.

Баспасөз жиынында Департамент басшысының бірінші орынбасары мекеме ұжымының қатысуымен - 40, ал басшылардың қатысуымен - 22 ұсыным қаралғандығын тілге тиек етіп, сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша ұсыныстардың барлығы толық мемлекеттік органдарға жолданғанын жеткізді.

Бұдан бөлек, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қағидасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен 9 тұлғаға 1,5 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілгенін алға тартып, Агенттіктің 1424 Call орталығына Түркістан өңірінен хабарласқан 73 азаматтың берген ақпараты арқылы жедел әрекет ету амалдары жүргізіліп, нәтижесінде 7 тұлғаның заңсыз әрекеті үшін қылмыстық іс қозғалғандығы атап өтілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: