Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңа қаулыға сәйкес, карантиндік шектеулер жұмсартылды - құжат мәтіні

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2020 17:37 Pixabay
Демалыс және мереке күндері қызметіне тыйым салынған нысандар саны азайды.

16 қыркүйекте Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұрынғы қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын No52 қаулысы шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Енгізілген өзгерістерге шолып өтсек, енді ашық аспан астындағы кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Ал көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалар ойын алаңдары мен жабық аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың (ашық кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынады.

Сондай-ақ балалар бөлмелері/корреция орталықтарындағы, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарындағы топтағы адамдар саны 5-тен 15-ке дейін өсірілді.

Кеңселерде жұмыс істей алатын қызметкерлер саны 20% -дан 50% -ға дейін өсірілді. Бұл арада мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектордың, ұлттық компаниялардың, басқа да ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілердің қызметінің жайы сөз етіледі. Сонымен қатар, қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеуді жалғастырады (егер ұжым штаты 30-дан асса).

Қоғамдық тамақтану орындарындағы орындардың саны 30-дан 50 орынға дейін өсті.

Демалыс және мереке күндері қызметіне тыйым салынған нысандар саны азайды. Енді тек сауда үйлері, ойын-сауық орталықтарынана басқасы (ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда), азық-түлікке жатпайтын және азық-түлік бойынша жабық нысандар да жұмыс істей алады.

Жұмысына рұқсат: сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар, косметологиялық қызметтер; фитнес орталықтары және спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, спорт залдары, спорт кешендері; сауналар; ашық аттракциондар; діни нысандар.

Ашық аспан астындағы кинотеатрлардың қызметіне маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.

Театрлардың қызметіне рұқсат етіледі (залға толу деңгейі 50% -дан аспауы тиіс, онда да 50 адамнан аспауы керек, infokazakhstan.kz порталында тіркелуі, маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау талабы міндетті.

Сауда-ойын-сауық орталықтарында (бөлек үй-жайларда) орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне 50 орыннан аспаған жағдайда және ұжымдық іс-шаралар өткізуден аулақ болғанда рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, қазір тұтқындармен туыстарының кездесуіне рұқсат етілген, бірақ белгілі бір талаптар бар:

1) ұзақ және қысқа мерзімге тұтқынмен кездесуге келген туыстарының ПТР тест бойынша қағазы болуы керек, онда да құжаттың мерзімі 5 тәуліктен аспауы тиіс;

2) Көбірек уақытқа кездесуге рұқсат етіледі, бірақ бір ересек адамға ғана;

3) дене температурасын өлшеу және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұзақ және қысқа уақытта болу кезінде барлық адамдар сұрақ-жауап қағазын толтыруы тиіс. Олардың түрмеде болған күндері күнделікті дене қызуы өлшеніп отырады;

4) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері қызметкерлерінің, арнайы контингенттердің және олардың туыстарының ұзақ және қысқа мерзімге келуін қамтамасыз ету кезінде маска режимін сақтау;

5) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі ұзақ уақытқа кездесуге рұқсат берілген бөлмелерді үнемі тазалықта ұстау, вирустық инфекцияны емдеу режиміне сәйкес рұқсат етілген дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, күнделікті тазалық жұмысын жүргізу, бөлмені желдету және кварцтау;

6) ұзақ уақытқа кездесуге рұқсат етілген сотталушыны 14 күнге карантинде ұстау.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: